«Маңғыстау облысында 10 мектептің асханасын сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының жекеше әріптесін айқындау бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру

Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Маңғыстау облысында 10 мектептің асханасын сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының жекеше әріптесін айқындау бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды:

№1 «Түпқараған аудандық әкімдігінің «Ақшұқыр мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесінің асханасын сенімгерлік басқаруға беру»;

№2 «Мұнайлы аудандық әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім беру бөлімінің «№1 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің асханасын сенімгерлік басқаруға беру»;

№3 «Мұнайлы аудандық әкімдігінің Мұнйлы аудандық білім беру бөлімінің «№2 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің асханасын сенімгерлік басқаруға беру»;

№4 «Ақтау қаласының №9 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің асханасын сенімгерлік басқаруға беру»;

№5 «Ақтау қаласының №2 жалпы білім беру орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің асханасын сенімгерлік басқаруға беру»;

№6 «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «№3 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің асханасын сенімгерлік басқаруға беру»;

№7 «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Дарын» лицей-мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің асханасын сенімгерлік басқаруға беру»;

№8 «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Т.Алиев атындағы №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің асханасын сенімгерлік басқаруға беру»;

№9 «Бейнеу ауданы әкімдігінің «Ж.Қалдығараев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің асханасын сенімгерлік басқаруға беру»;

№10 «Бейнеу ауданы әкімдігінің «Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің асханасын сенімгерлік басқаруға беру».

Конкурсқа "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында және жекеше әріптесті анықтау бойынша конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

МЖӘ жобасы бойынша толық ақпарат, қажетті құжаттар тізбесі және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылатын құжаттар тізбесі және әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурстық құжаттаманың көшірмелерін сағат 9-00-ден 12-30-ға дейін және сағат 14-00-ден 18-30-ға дейін мына мекен-жай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3б шағын аудан, № 52 ғимарат, 2 қабат, 207 каб.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді (белгіленген үлгідегі) әлеуетті жеке әріптестер не олардың уәкілетті өкілдері конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жай бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып: Қазақстан Республикасы, индексі 130 000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3б шағын ауданы., 52 ғимарат, 2 қабат, 207 каб. 21 ақпан 2020 жылы 15 сағат 00 минутқа дейін ұсынады. 

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2020 жылғы 21 ақпан 15 сағат 00 минутқа дейін.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеке әріптестер конкурстық өтініммен бірге, біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды 2020 жылғы 21 ақпан 15 сағат 00 минутқа дейін ұсынуы қажет.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу "Маңғыстау облысының білім басқармасы" ММ»-де 2020 жылы 21 ақпан 16 сағат 00 минутта жүргізіледі.

Қосымша ақпарат «Маңғыстау облысының Білім басқармасы» ММ-де мына телефон бойынша: 8 (7292) 57-12-42, 57-12-70, 57-12-27, е-mail: [email protected]

   


Жарияланған күні: 21 қаңтар 2020





21 қаңтар 2020

«Маңғыстау облысында 10 мектептің асханасын сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының жекеше әріптесін айқындау бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру

18 қыркүйек 2018

«Қарақия ауданының Жетібай ауылындағы №4 орта мектеп ғимаратын кейіннен пайдалану арқылы 200 орындық балабақшаға реконструкциялау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының жекеше әріптесін айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

8 қыркүйек 2018

«Маңғыстау облысының медициналық мекемелерінде гинекология, акушерлік, неонатология үшін ультрадыбыстық диагностикалық жүйелермен жарақтандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру

8 қыркүйек 2018

«Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ ММК-ын базасындағы зертханалық зерттеулердің кең спектрін орындау бойынша зертхана қызметін ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру

8 қыркүйек 2018

«Маңғыстау облысының медициналық мекемелерінде компьютерлік томографтар орнату және сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру

17 наурыз 2018

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250МВт бу-газ қондырғысының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекеше әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік процедураларды пайдаланып жекеше әріптесті таңдау жөніндегі қайта конкурсты өткізу туралы хабарландыру

28 желтоқсан 2017

«Ақтау қаласында бейнебақылау жүйесін енгізу және қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының жеке әріптесін айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

21 желтоқсан 2017

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250МВт бу-газ қондырғысының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекеше әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік процедураларды пайдаланып жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыру

26 қараша 2017

«Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін құру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

3 тамыз 2017

Маңғыстау облысы Қарақия селосындағы қуаты тәулігіне 50 000 текшеметр су тұщыту зауытының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдермен жүргізу арқылы жеке әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

17 сәуір 2017

Жекеше әріптесті таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру

21 маусым 2016

Индия Республикасындағы саммит


Жаңалықтар

12