Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметшілеріне арналған «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» семинар
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК-ның Маңғыстау облысындағы филиалының алаңында 2019 жылғы 30-31 мамырда «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» тақырыпта кезекті семинар өткізілді.
Семинарға «Б» корпусы құрамынан басшылық орындарға жақында тағайындалған Маңғыстау облысының аудандары мен қалаларының мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Семинар МЖӘ орталығының бағдарламасы бойынша өткізіліп, МЖӘ жобаларын іске асырудың негізгі қағидаттары мен схемаларын, мемлекеттік және жекеше әріптестердің қатысу нысандары мен тәсілдерін, шығындарды өтеу және МЖӘ жобасын іске асырудан түсетін кірістер көздерін түсіндіруді қамтыды.
Бұдан басқа, семинарда «МЖӘ туралы» заңға сәйкес бастама білдіру және іске асыру сатысында тұрған Маңғыстау облысының МЖӘ жобалары таныстырылды.
Семинарды «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның Бас директоры – Әлібеков Елдан Шарапатұлы жүргізді.
Жарияланған күні: 31 мамыр 2019
7 тамыз 2020
Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Маңғыстау облысында 4 мектептің асханасын сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының жекеше әріптесін айқындау бойынша қайта конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды:
7 тамыз 2020
Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 32А ш/а 240 орынға арналған балабақшаның құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының жекеше әріптесін айқындау бойынша қайта конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды:
31 мамыр 2019
Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметшілеріне арналған «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» семинар
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК-ның Маңғыстау облысындағы филиалының алаңында 2019 жылғы 30-31 мамырда «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» тақырыпта кезекті семинар өткізілді.
29 желтоқсан 2018
Ақтау қаласында МЖӘ тетігін қолданумен жаңа балабақша салтанатты түрде ашылуы өтті
2018 жылғы 29 желтоқсанда Ақтау қаласында 27 шағынауданда орналасқан №51 жаңа балабақшаның салтанатты ашылуы болып өтті. Ашылу салтанатына Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Т.Ж. Қошмағамбетов, білім беру басқармасы басшысының орынбасары Г.К.. Мамаева және Ақтау қаласының тұрғындары қатысты.
29 желтоқсан 2018
Ақтау қаласында МЖӘ тетігін қолданумен жаңа балабақша салтанатты түрде ашылуы өтті
2018 жылғы 29 желтоқсанда Ақтау қаласында 13 шағынауданда орналасқан №55 жаңа балабақшаның салтанатты ашылуы болып өтті. Ашылу салтанатына Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Т.Ж. Қошмағамбетов, білім беру басқармасы басшысының орынбасары Г.К.. Мамаева және Ақтау қаласының тұрғындары қатысты.
17 желтоқсан 2018
ҚР-ның Тәуелсіздік Күніне орай Ақтау қаласында МЖӘ тетігін қолданумен жаңа балабақша ашылды
2018 жылғы 16 желтоқсанда Ақтау қаласында №15 «Өркен» атты жаңа балабақшаның салтанатты ашылуы болып өтті. Ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Е.Л. Тоғжанов, білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Қ. Қойжанов, Ақтау қаласының әкімі Ғ.М. Ниязов және Ақтау қаласының тұрғындары қатысты.
2 желтоқсан 2018
Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында МЖӘ тетігін қолданумен жаңа балабақша ашылды
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орай 2018 жылғы 1 желтоқсанда Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының Бозжыра (Маңғыстау-2) тұрғын жай алабында «Жанымай» атты жаңа балабақшаның салтанатты ашылуы болып өтті.
4 мамыр 2018
МЖӘ тетігін қолданумен Ақтау қаласында спорт залы ашылды
2018 жылғы 3 мамырда 11 шағын аудандағы №10 орта орта мектеп болып табылатын үшінші аймақтық жоба бойынша өткізілген мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі "Балет және Гимнастиканы "Olympus" көпсалалы спорт залының Академиясының ашылуы болып өтті.
2 мамыр 2018
Маңғыстау облысының Құрық ауылында қуаты 50 000 м³/тәулік болатын су тұщыту зауыты салынады
2018 жылғы 1-мамырда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында қуаты 50 мың м³/тәулік болатын жаңа су тұшыту зауытының құрылысы басталды.
7 сәуір 2018
Маңғыстау облысында денсаулық сақтау саласындағы алғашқы МЖӘ жобасы жүзеге асырылды
2018 жылғы 6 сәуірде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының салтанатты ашылуы болып өтті.
5 наурыз 2018
МЖӘ тетігін қолданумен Ақтау қаласында спорт залы ашылды
2018 жылғы 4 наурызда Ақтау қаласының 29 шағын ауданындағы №28 орта мектептің аумағында «CrossFit Aktau» кең бейінді спорт залының ашылуы болып өтті.
24 қаңтар 2018
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін ұйымдастыру
2018 жылғы 24 қаңтарда Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен Астана қаласының «Эндохирургия клиникасы» ЖШС арасында 51,0 млн. теңге сомасына 10 жыл мерзіммен Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін ұйымдастыру жөнінде шарт жасасылды.