МЖӘ дамыту
Әлемдік практика мемлекеттік ресурстардың шектеулігі жағдайларында объектілерді құру, жаңғырту, ұстау және пайдалану үшін қажетті қаржылық базаны қамтамасыз етудің баламалы құралдарының бірі мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетігі болып табылатынын көрсетіп отыр.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) деп әдетте өзара тиімді шарттармен қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешу үшін мемлекет пен бизнестің орта және ұзақ мерзімді өзара іс-қимыл нысандарының жиынтығы түсініледі. Әріптестіктің нақты нұсқасын таңдау сол немесе өзге де жобаны іске асырудың экономикалық тиімділігіне байланысты болады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолдану мемлекетке де, бизнесті дамытуға да бірқатар артықшылық береді. Жеке сектор үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер және тиісінше жаңа кіріс көздері, ірі жобаларға қатысу мүмкіндіктері туады. МЖӘ мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілік салаларында жекеше сектордың ресурстық және зияткерлік әлеуетін пайдалануды болжайды.
Біздің елдегі МЖӘ-тің дамуы 2005 жылдан, концессия схемасы бойынша екі жобаны іске асыру туралы Үкіметтің алғашқы қаулыларына қол қойған кезден бастау алады. Олардың нәтижесінде Ақтөбе облысында электр беру желілері және Шар станциясы – Өскемен теміржол қатынасы салынды.
«Концессиялар туралы» Заң кейінірек, 2006 жылғы 7 шілдеде, осы жобалардың жалғасы ретінде қабылданды. Заңда жекеше әріптеске концессия тетігін пайдалану арқылы инвестициялық жобаларды іске асыру қаржылық және технологиялық ресурстарды инвестициялауға мүмкіндік беретін құқықтық аспектілер қамтып көрсетілген.
«Концессиялар туралы» Заңға сәйкес алғашқы қазақстандық МЖӘ жобасы Маңғыстау облысында көлік және логистика сласында іске асырылды.
Маңғыстау облысының әкімдігі мен «ATM Grup Uluslararası Havalimanı Yapım Yatırım ve Işletme limited» атты түрік компаниясының арасында 2007 жылғы 10 желтоқсанда «Ақтау қаласының халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу және пайдалану» жобасы бойынша концессия шартына қол қойылды.
Концессия шартының мерзімі – 30 жыл.
Қазақстанда 2015 жылғы 31 қазанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырудың халықаралық тәжірибесіне негізделген және инвесторлар, оның ішінде шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларының кең арсеналын қамтитын «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заң қабылданды.
«Ақтау қаласында көп пәтерлік тұрғын үй салу және пайдалану» жобасы бойынша алғашқы МЖӘ шартына 2017 жылғы 20 қаңтарда қол қойылды.
2017 жылғы 5 маусым күні «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен облыстық білім басқармасы мен жеке әріптестердің арасында білім саласында 8 МЖӘ жобасын жүзеге асыру бойынша жалпы сомасы 2 135,9 млн. теңгеге шартқа қол қойылды:
- Маңғыстау облысы Ақтау қаласының 6 шағын ауданындағы №15 балабақшаны сенімгерлік басқаруға беру
- Маңғыстау облысы Ақтау қаласының 13 шағын ауданындағы №55 балабақшаны сенімгерлік басқаруға беру
- Маңғыстау облысы Ақтау қаласының 27 шағын ауданындағы №51 балабақшаны сенімгерлік басқаруға беру
- Маңғыстау облысы Ақтау қаласының 14 шағын ауданындағы №52 балабақшаны сенімгерлік басқаруға беру
- 5Маңғыстау облысы Ақтау қаласы № 2 мектебінің аумағында көп функционалды спорт залын салу және пайдалану
- Маңғыстау облысы Ақтау қаласы № 10 мектебінің аумағында көп функционалды спорт залын салу және пайдалану
- Маңғыстау облысы Ақтау қаласы № 28 мектебінің аумағында көп функционалды спорт залын салу және пайдалану
- Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Маңғыстау-2 тұрғын жай алабында балабақша салу және пайдалану
Бүгінгі күнге МЖӘ орталығы денсаулық сақтау, білім беру, дене шынықтыру және спорт, тұрғын үй құрылысы, көлік және логистика, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, қоғамдық тәртіпті қорғау салаларында 30-дан аса МЖӘ жобасын іске асыруда және оларға бастама білдіруде.
МЖӘ тетігін қолдану мемлекет пен жеке сектордың өзара пайдалы ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ ұсынылатын қызметтер сапасын көтеруге, экономиканы әртараптандыру үшін қажетті инфрақұрылымды жеделдетіп жаңғыртуға мүмкіндік береді.