Қазақстандағы МЖӘ тарихы
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы табиғи және энергетикалы ресурстардың үлкен қорына, өнеркәсіптік және көлік әлеуетіне ие еді.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мемлекеттік активтерді басқару элементі ретінде қарастырылған. Осы өзара қарым-қатынасты реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерретінде 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жекешелендіру туралы», 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы», 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары болды.
Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті реттеуші бірінші құқықтық негіз ретінде инвесторларғаконцессия ұсынылды. Осы мақсатта 1991 жылғы 23 желтоқсанда «Концессиялар туралы» алғашқы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, ол өз күшін 1993 жылы жойды. Ол заңда Қазақстан Республикасының аумағында тек шетел инвесторларына концессиядағы объектілерді ұсынудың ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттары қаралды.
Концессия бастапқы редакцияда шетел заңды немесе жеке тұлғаға – концессионерге – жалға мүлікті, жерді, табиғи ресурстардың беруін қарастырған. Басқа сөзбен айтқанда, концессия жалға алу (мүліктік жалға алу) шартының призмасы арқылы анықталған, бірақ бір уақытта концессиялық қатынастарда мердігер, сақтандыру, еңбек шартының элементтері болуы мүмкін еді.
Қазіргі уақытта түрлі мемлекеттік объектілер мүліктік жалға алуда (тұрғын емес қорды, жабдықты, жерді жалға алу) жатыр немесе жасасқан шарттар негізінде сенімді басқаруда болып табылады.
«Концессия» термині қолданылған келісімшарттардың «Пионерлері» ретінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ басқаруына Қазақстанның газды көлікті жүйелерін беру және Шульбинск, Өскемен және Бұқтырма қалалық электр станцияларын (ҚЭС) концессияға беру жобалары болған.
Кейінірек концессия көлік инфрақұрылымы мен энергетикада жобаларды іске асыру кезінде қолданған: «Шар-Өскемен» теміржол желісінің құрылысы мен «Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» электр тапсыру желісі.
2006 жылы «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін концессия тетіктерін пайдаланумен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құқықтық алаң салынған.
Бұдан басқа, концессия саласындағы заңнама ең жақсы халықаралық тәжірибенің есебімен жетілдіріледі. Яғни 2008 және 2010 жылдары объектілерді концессияға тапсыру рәсімдері, мемлекеттік қолдау көрсету шараларын кеңейту және концессиялық жобалардың тартымдылығын жоғарлату, мемлекеттік қолдаудың белгілі бір шараларын беру кезінде инфрақұрылымдық облигациялардың шығару міндеттемесін жою мәселелері бойынша концессия туралы заңнамаға бірқатар түзетулер енгізілген.
Бүгінде МЖӘ тәсілдері, әр елдің оның дамуының деңгейлері мен бағыттары түрлі, әлемнің көптеген елдерінде әлі де МЖӘ тетіктерін қалыптастыру және енгізу процесі жүріп жатыр.
МЖӘ дамыту шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:
1-кезең: дайындық
- МЖӘ саласында мемлекеттік саясатты дайындау
- Заңнаманы талдау
- Бастама жобалардың портфелін анықтау
- МЖӘ қолдану үшін алғышарттардың талдауы
- Заңнаманы қалыптастыру
- МЖӘ мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым құру
2-кезең: енгізу
- МЖӘ қолдану аясын кеңейту
- Жобаларды қаржыландырудың жаңа көздерін іздеу
- МЖӘ жүйесінің бүтіндігін қалыптастыру
- Заңнамалық кедергілерді жою
- МЖӘ қолдану аясын кеңейту
- Жобаларды қаржыландырудың жаңа көздерін іздеу
3-кезең: жетілдіру
- Әдістемелік нұсқаулар мен ережелерді дайындау
- МЖӘ іске асырудың модельдерін жақсарту
- МЖӘ іске асырудың модельдерін одан сайын жақсарту
- Жобаларды қаржыландырудың дамыған жүйесі
- МЖӘ мәселелері бойынша жоғарғы біліктілігі бар мемлекеттік қызметкерлер
Қазақстанда дайындық кезеңі аяқталған. Бұдан басқа, енгізу кезеңінің кейбір іс-шараларын жүзеге асыру екінші кезеңнің белсенді фазасының басталуы туралы куәландырады.
• концессия мәселелері бойынша заңнамасы бар;
• қоғамдық талқылау кезеңінде МЖӘ кейбір мәселелері бойынша заңның жобасы бар, ол тәжірибеге мемлекет пен инвестор арасындағы қатынастың жаңа түрін енгізуге мүмкіндік береді;
• концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым ретінде Қазақстандық МЖӘ Орталығы құрылған;
• концессиялық жобалардың дайындығы мен іске асырылуы жүргізіліп келеі.
«Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық даму – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында, 2011 жылғы 29 маусымдағы № 731 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту бойынша Бағдарлама қабылданған