Ақтау қаласының халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын салу және пайдалану

 «Концессиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес, 2017 жылы «АТМ Grup» ЖШС мен Маңғыстау облысы әкімдігінің арасында 4 092,7 млн. теңге сомасында жаңа жолаушылар терминалын салуға және басқаруға арналған концессия шарты 30 жыл мерзімге жасасылды.

Жаңа терминалдың құрылысы 2009 жылы аяқталды. Өткізу қабілеті – сағатына  450 жолаушыны, жалпы ауданы (VIP және CIP залдары алып жатқан ауданды қоса алғанда) 13 400 шаршы метрді құрады.  Жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін терминал ең жаңа қорғау және қауіпсіздік құралдарымен, сондай-ақ жолаушылардың телескоптық траптары,  электрондық тіркеу тұрынтағы, HVAC — салқындату және жылыту жүйесі, FIDS — электрондық таблода ұшу туралы хабарлау жүйесі, X-RAY — рентгендік сканерлер, CCTV — бейнебақылау жүйесі, лифттер мен эскалаторлар сияқты электрондық және электр механикалық жүйелермен жабдықталды. 

2009 жылы Әуежай «ТМД елдеріндегі жылдың ең үздік әуежайы» конкурсында 2008 жылдағы «ТМД елдерінің серпінді дамып келе жатқан әуежайы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ал 2010 жылғы мамырда Ақтау әуежайы 2009 жылдағы  «ТМД елдерінің перспективалы дамып келе жатқан әуежайы» деп танылды.

Қазіргі кезде Ақтау әуежайы әуе тасымалы көлемі бойынша Қазақстан Республикасында Алматы және Астана қалаларынан кейінгі үшінші орынды алады. Әуежайда 8 ішкі және 16 халықаралық бағыттар бойынша ұшуды орындайтын қазақстандық және шетелдік әуе компанияларына қызмет көрсетіледі. Ақтау әуежайынан Мәскеу, Стамбул, Баку және Киев арқылы әлемнің кез келген нүктесіне баруға болады. Барлық Қазақстан жолаушыларының транзиті, жолаушылар әлеуеті мейлінше аз қалалардан   (Атырау, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал) келген жолаушыларды Ақтау әуежайына жинайтын өңірлік әуе компанияларының арқасында мүмкін болады. Жолаушылар жоғарыда аталған 4 ірі әуежай арқылы одан әрі әлемнің барлық елдеріне шыға алады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша әуежай 841 177 жолаушыға қызмет көрсетті, бұл – қала тұрғындарының санынан 4 есе көп.