Біліктілік талаптары
Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жекеше әріптес мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:
1) Құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;
2) Төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;
3) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;
4) Банкроттыққа немесе тарату рәсіміне жатпау, оның баланстық құнына тиісті негізгі құралдардың құнынан он пайыздан асатын мүлкіне тыйым салынбау, оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмауы тиіс;
5) Соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.