Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Маңғыстау облысында 4 мектептің асханасын сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының жекеше әріптесін айқындау бойынша қайта конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды:

№1 «Мұнайлы аудандық әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім беру бөлімінің «№2 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің асханасын сенімгерлік басқаруға беру»;

№2 «Ақтау қаласының №2 жалпы білім беру орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің асханасын сенімгерлік басқаруға беру»;

№3 «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «№3 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің асханасын сенімгерлік басқаруға беру»;

№4 «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Дарын» лицей-мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің асханасын сенімгерлік басқаруға беру».

Конкурсқа "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында және жекеше әріптесті анықтау бойынша конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

МЖӘ жобасы бойынша толық ақпарат, қажетті құжаттар тізбесі және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылатын құжаттар тізбесі және әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурстық құжаттаманың көшірмелерін сағат 9-00-ден 12-30-ға дейін және сағат 14-00-ден 18-30-ға дейін мына мекен-жай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3б шағын аудан, № 52 ғимарат, 2 қабат, 207 каб.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді (белгіленген үлгідегі) әлеуетті жеке әріптестер не олардың уәкілетті өкілдері конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жай бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып: Қазақстан Республикасы, индексі 130 000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3б шағын ауданы., 52 ғимарат, 2 қабат, 207 каб. 24 тамыз 2020 жылы 11 сағат 00 минутқа дейін ұсынады. 

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2020 жылғы 24 тамыз 11 сағат 00 минутқа дейін.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеке әріптестер конкурстық өтініммен бірге, біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды 2020 жылғы 24 тамыз 11 сағат 00 минутқа дейін ұсынуы қажет.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу "Маңғыстау облысының білім басқармасы" ММ»-де 2020 жылы 24 тамыз 14 сағат 00 минутта жүргізіледі.

Қосымша ақпарат «Маңғыстау облысының Білім басқармасы» ММ-де мына телефон бойынша: 8 (7292) 57-12-42, 57-12-70, 57-12-27, е-mail: .

   


Жарияланған күні: 7 тамыз 2020





7 тамыз 2020

Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Маңғыстау облысында 4 мектептің асханасын сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының жекеше әріптесін айқындау бойынша қайта конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды:


7 тамыз 2020

Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 32А ш/а 240 орынға арналған балабақшаның құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының жекеше әріптесін айқындау бойынша қайта конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды:


31 мамыр 2019

Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметшілеріне арналған «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» семинар

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК-ның Маңғыстау облысындағы филиалының алаңында 2019 жылғы 30-31 мамырда «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» тақырыпта кезекті семинар өткізілді. 


29 желтоқсан 2018

Ақтау қаласында МЖӘ тетігін қолданумен жаңа балабақша салтанатты түрде ашылуы өтті

2018 жылғы 29 желтоқсанда Ақтау қаласында 27 шағынауданда орналасқан №51 жаңа балабақшаның салтанатты ашылуы болып өтті. Ашылу салтанатына Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Т.Ж. Қошмағамбетов,  білім беру басқармасы басшысының орынбасары Г.К.. Мамаева және Ақтау қаласының тұрғындары қатысты. 


29 желтоқсан 2018

Ақтау қаласында МЖӘ тетігін қолданумен жаңа балабақша салтанатты түрде ашылуы өтті

2018 жылғы 29 желтоқсанда Ақтау қаласында 13 шағынауданда орналасқан №55 жаңа балабақшаның салтанатты ашылуы болып өтті. Ашылу салтанатына Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Т.Ж. Қошмағамбетов,  білім беру басқармасы басшысының орынбасары Г.К.. Мамаева және Ақтау қаласының тұрғындары қатысты.


17 желтоқсан 2018

ҚР-ның Тәуелсіздік Күніне орай Ақтау қаласында МЖӘ тетігін қолданумен жаңа балабақша ашылды

2018 жылғы 16 желтоқсанда Ақтау қаласында №15 «Өркен» атты жаңа балабақшаның салтанатты ашылуы болып өтті. Ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Е.Л. Тоғжанов, білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Қ. Қойжанов, Ақтау қаласының әкімі Ғ.М. Ниязов және Ақтау қаласының тұрғындары қатысты. 


2 желтоқсан 2018

Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында МЖӘ тетігін қолданумен жаңа балабақша ашылды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орай 2018 жылғы 1 желтоқсанда Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының Бозжыра (Маңғыстау-2) тұрғын жай алабында «Жанымай» атты жаңа балабақшаның салтанатты ашылуы болып өтті. 


4 мамыр 2018

МЖӘ тетігін қолданумен Ақтау қаласында спорт залы ашылды

2018 жылғы 3 мамырда 11 шағын аудандағы №10 орта орта мектеп болып табылатын үшінші аймақтық жоба бойынша өткізілген мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі "Балет және Гимнастиканы "Olympus" көпсалалы спорт залының Академиясының ашылуы болып өтті. 


2 мамыр 2018

Маңғыстау облысының Құрық ауылында қуаты 50 000 м³/тәулік болатын су тұщыту зауыты салынады

2018 жылғы 1-мамырда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында қуаты 50 мың м³/тәулік болатын жаңа су тұшыту зауытының құрылысы басталды. 


7 сәуір 2018

Маңғыстау облысында денсаулық сақтау саласындағы алғашқы МЖӘ жобасы жүзеге асырылды

2018 жылғы 6 сәуірде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының салтанатты ашылуы болып өтті. 


5 наурыз 2018

МЖӘ тетігін қолданумен Ақтау қаласында спорт залы ашылды

2018 жылғы 4 наурызда Ақтау қаласының 29 шағын ауданындағы №28 орта мектептің аумағында «CrossFit Aktau» кең бейінді спорт залының ашылуы болып өтті.  


24 қаңтар 2018

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін ұйымдастыру

2018 жылғы 24 қаңтарда Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен Астана қаласының «Эндохирургия клиникасы» ЖШС арасында 51,0 млн. теңге сомасына 10 жыл мерзіммен Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін ұйымдастыру жөнінде шарт жасасылды. 



Жаңалықтар

1234