Маңғыстау облысының Құрық ауылында қуаты 50 000 м³/тәулік болатын су тұщыту зауыты салынады

2018 жылғы 1-мамырда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында қуаты 50 мың м³/тәулік болатын жаңа су тұшыту зауытының құрылысы басталды. Іргетас қалаудың салтанатты рәсіміне облыс әкімі Е.Л. Тоғжанов, инвесторлар компаниясының өкілдері: «Beltway Group Limited» компаниялар тобының Атқарушы Директоры Али-Мохамад Хатиб, «Safbon Water Service (Holding) Inc.» Президенті Хиллинг Чанг және басқа да шақырылған қонақтар, сондай-ақ Құрық ауылының тұрғындары қатысты.

Құны 37 млрд. теңгені құрайтын жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша іске асырылып, 2020 жылы аяқталатын болады. Бұл мүмкіндікке обыс әкімдігінің араб және қытай инвесторларын тартуы және «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның консультациялық қолдауы арқасында қол жеткізілді. Зауыттан шыққан ауыз су мен техникалық суды бір мезгілде бірнеше елді мекен – Құрық және Жетібай ауылдары, сондай-ақ Ақтау мен Жаңаөзен қаласы халқының бір бөлігі, барлығы 200 мыңға жуық адам пайдалана алады. Зауыт облыс халқының үштен бірін сумен толықтай қамтамасыз етуге, сонымен бірге оның қорын толықтыруға мүмкіндік бермек. 

Бұдан басқа, аталған жобаны іске асыру өңірдің ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібін дамыту үшін түрткі болады.


Жарияланған күні: 2 мамыр 2018





2 мамыр 2018

Маңғыстау облысының Құрық ауылында қуаты 50 000 м³/тәулік болатын су тұщыту зауыты салынады

2018 жылғы 1-мамырда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында қуаты 50 мың м³/тәулік болатын жаңа су тұшыту зауытының құрылысы басталды. 


7 сәуір 2018

Маңғыстау облысында денсаулық сақтау саласындағы алғашқы МЖӘ жобасы жүзеге асырылды

2018 жылғы 6 сәуірде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының салтанатты ашылуы болып өтті. 


5 наурыз 2018

МЖӘ тетігін қолданумен Ақтау қаласында спорт залы ашылды

2018 жылғы 4 наурызда Ақтау қаласының 29 шағын ауданындағы №28 орта мектептің аумағында «CrossFit Aktau» кең бейінді спорт залының ашылуы болып өтті.  


24 қаңтар 2018

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін ұйымдастыру

2018 жылғы 24 қаңтарда Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен Астана қаласының «Эндохирургия клиникасы» ЖШС арасында 51,0 млн. теңге сомасына 10 жыл мерзіммен Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін ұйымдастыру жөнінде шарт жасасылды. 


9 желтоқсан 2017

Ақтау қаласында МЖӘ тетігін қолдану арқылы жаңа спорт зал салынды

2017 жылғы 9 желтоқсан күні Ақтау қаласы 3 шағын ауданының №2 орта мектеп аумағында «МЖӘ туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетігі арқылы жүзеге асырылған алғаш аймақтық жоба – көпфункциональды спорт залдың салтанатты ашылуы болып өтті. 


18 қазан 2017

«Маңғыстау облысының мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Әлібековтің Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингі

2017 жылғы 18 қазан күні Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның (әрі қарай – МЖӘ орталығы) Басқарма Төрағасы Әлібеков Елдан Шарапатұлының 


8 тамыз 2017

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне арналған семинар

2017 жылдың 8 тамызында «Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің тәсілдері. Капитал салымдарының тиімділігін талдау» тақырыбында Маңғыстау Экономикалық кеңесінің тиімділігін арттыру үшін оқу-жаттығу іс-шаралар сериясының соңғы модулі өтті. 


28 шілде 2017

МЭК қызметінің шеңберіндегі жобаларды басқару жөніндегі семинар

2017 жылғы 28 шілдеде Маңғыстау экономикалық кеңесі жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі оқу іс-шаралары топтамасының «Жобаларды басқару» тақырыбындағы үшінші модулі болып өтті.


16 шілде 2017

Жобалау менеджментінде командалық жұмысты қалыптастыру және оның жұмыс істеу технологияларына арналған семинар

Маңғыстау экономикалық кеңесінің аясында жобалау қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында 2017 жылғы 15-16 шілдеде «Командалық жұмыс және тиімді көшбасшылық» тақырыбында кезекті практикалық семинар болып өтті. 


22 маусым 2017

Маңғыстау ауданының бизнес қауымдастығымен кездесу

«Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік  орталығы» АҚ-ның бастамасы бойынша Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің қолдауымен 2017 жылғы 22 маусымда Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» тақырыбында кездесу болып өтті.  


19 маусым 2017

Түпқараған ауданындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» дөңгелек үстел

«Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік  орталығы» АҚ-ның бастамасы бойынша Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің қолдауымен 2017 жылғы 19 маусымда ауыл әкімдерінің, бизнес өкілдерінің (Түпқараған ауданының құрылыс компаниялары, жекеменшік мектепке дейін білім беру ұйымдары) қатысуымен кездесу болып өтті.  


12 маусым 2017

Маңғыстау экономикалық кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен  Маңғыстау экономикалық кеңесінің  (МЭК) отырысы өтіп, онда өнірдің агроөнеркәсіптік  кешеннің даму келешегі қаралды.