Орталық туралы

Негізгі мақсаты өңірлік деңгейде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын дамытуға жәрдемдесу болып табылатын «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы 2013 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің талдау орталығының негізінде құрылды.   

Миссиясы

Әсер ету нүктесі әлеуметті - маңызды жобалар болатын инвестициялық капиталға қазақстандық нарықтық тартымдылығын  арттыруға жәрдемдесу. 

Мақсаты

Маңғыстау облысындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын дамытуға жәрдемдесу. 

Қызмет түрлері:
  

  • жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу;
  • жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының аясында, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамасын, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын сараптау;
  • жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланған жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін экономикалық сараптау;
  • заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттер каражаты есебінен іске асыруға жоспарланған бюджеттік инвестицияларды экономикалық сараптау (қаржы-экономикалық негіздеме);
  • мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы келіссөз үдерісінде консультациялық қызметтер көрсету;
  • Маңғыстау облысының экономикасына инвестициялар тарту;
  • мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ әлеуетті инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау;
  • дөңгелек үстелдерді, кездесулерді, road-show (таныстырылымдар), networking (салалық конференциялар мен форумдарға, көрмелерге қатысу), инвестициялық маркетингті және басқа іс-шараларды өткізу;
  • жеке қаржылық бастама бойынша тұжырымдама мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеу.


Жаңалықтар