«Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін құру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін құру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс жариялайды.

Жобаның атауы: «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін құру».

Мақсаты: Бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын пациенттер үшін гемодиализ жүргізуге деген қажеттілікті қамтамасыз ету.

МЖӘ жобасының құны: шамамен 51 044,0 мың теңгені құрайды.

МЖӘ объектісінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130000, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК,  3 корпус.

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 10 (он) жыл.

Әлеуетті жекеше әріптестер не олардың уәкілетті өкілдері конкурс қатысуға арналған өтінімдерді (белгіленген үлгідегі) Конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошта байланысын пайдаланумен мына мекенжай бойынша ұсынады: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, №100 ғимарат, №214 кабинет

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2017 жылғы 27 желтоқсандағы 16 сағат 00 минут.

Конкурс ұйымдастырушының атауы: «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ

Байланысатын тұлға: Коптлеуова А.С.

Телефондар: 8 (7292) 30-20-36.

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін жұмыс күндері 9-00-ден 13-00 сағатқа дейін және 14-00-ден бастап 18-00 сағатқа дейін мына мекенжай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, №100 ғимарат, 214 кабинет

Конкурсқа тілек білдірген әлеуетті жекеше әріптестер 2017 жылғы 20 желтоқсандағы 18 сағат 00 минутқа дейін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттарды ұсынуы қажет, оның негізінде біліктілік іріктеу жүргізілетін болады. 


Жарияланған күні: 26 қараша 2017





17 наурыз 2018

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250МВт бу-газ қондырғысының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекеше әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік процедураларды пайдаланып жекеше әріптесті таңдау жөніндегі қайта конкурсты өткізу туралы хабарландыру

28 желтоқсан 2017

«Ақтау қаласында бейнебақылау жүйесін енгізу және қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының жеке әріптесін айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

21 желтоқсан 2017

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250МВт бу-газ қондырғысының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекеше әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік процедураларды пайдаланып жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыру

26 қараша 2017

«Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін құру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

3 тамыз 2017

Маңғыстау облысы Қарақия селосындағы қуаты тәулігіне 50 000 текшеметр су тұщыту зауытының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдермен жүргізу арқылы жеке әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

17 сәуір 2017

Жекеше әріптесті таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру

21 маусым 2016

Индия Республикасындағы саммит

22 қыркүйек 2014

Концессионерді таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру

5 тамыз 2014

Концессионерді таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру

1 тамыз 2014

Концессионерді таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру