«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250МВт бу-газ қондырғысының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекеше әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік процедураларды пайдаланып жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыру

«Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250МВт бу-газ қондырғысының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекеше әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік процедураларды пайдаланып жекеше әріптесті таңдау бойынша конкурс жариялайды.

Жоба туралы мәліметтер

Мақсаты:

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250МВт бу-газ қондырғысының құрылысын салу және пайдалану»:

- заманауи технологиялар және құрал-жабдықтар базасында табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру;

- ТЭО-2 жұмыс істеу  ресурсы аяқталған бу-қуаттық құрал-жабдықтарын одан да тиімді, электр және жылу энергиясын аралас өндіруді қамтамасыз ететін әлемдің нарықта бәсекеге қабілетті энергетикалық құрал-жабдықтарға бу-газ технологиясын пайдалана отырып, ауыстыру;

- өңірдің өсіп келе жатқан электр жүктемесін жабу, ТЭО-2 өзінің жұмыс істеу ресурсын жасап біткен құрал-жабдықтарын істен шығару және энергетикалық торап жүктемесінің артуы кезінде энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру;

- Негізгісі дистиллят шығаратын және өндірістік сумен жабдықтайтын зауыт болып табылатын «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС өндірістік аймағын және тұтынушыларды технологиялық буға деген жүктемесін жабу; (ЗПД и ПТВС);

- 1962-1963 жылдары пайдалануға енгізілген қолданыстағы жылу электр станцияларының негізгі құрал-жабдықтарының пайдалану мерзімін арттыру.

  МЖӘ жобасының құны:

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250МВт бу-газ қондырғысының құрылысын салу және пайдалану» - болжаммен -  63 219 млн. теңгені құрайды.

МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250МВт бу-газ қондырғысының құрылысын салу және пайдалану» МЖӘ нысанының жобалық қуаты - 250 МВт.

МЖӘ нысанының орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, өндірістік аймақ, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС  ТЭО-2 алаңы.

МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі:

Құрылыс кезеңі: 29 ай (есептік);

МЖӘ нысанын пайдалану кезеңі: ҚР «Мемлекеттік-жекеше әріптестік» Заңына сәйкес пайдалануға берілген күннен бастап 14,5 жылға дейін. 

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген әлеуетті жекеше әріптестер «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің техникалық тапсырмасына сәйкес  әзірленген техникалық ұсынысты 2018 жылдың 20  ақпаны күні 18 сағат 30 минутқа дейін тапсыруы тиіс.

Күні: 20 ақпан 2018 жыл 18 сағат 30 минут.

Орны: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, ғимарат №1, кабинет №110

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі 

Байланысатын тұлға: Орынбасаров Нұрлан Базарбайұлы

Телефондар: 8 (7292) 31-13-20, 33-53-14

Конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырмасының көшірмесін жұмыс күндері 9-00 сағаттан 12 сағат 30 минутқа дейінжәне 14-00 сағаттан бастап 18 сағат 30 минутқа дейін мына мекен-жай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, ғимарат №1, кабинет №110 


Жарияланған күні: 21 желтоқсан 2017





28 желтоқсан 2017

«Ақтау қаласында бейнебақылау жүйесін енгізу және қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының жеке әріптесін айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

21 желтоқсан 2017

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250МВт бу-газ қондырғысының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекеше әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік процедураларды пайдаланып жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыру

26 қараша 2017

«Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін құру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

3 тамыз 2017

Маңғыстау облысы Қарақия селосындағы қуаты тәулігіне 50 000 текшеметр су тұщыту зауытының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдермен жүргізу арқылы жеке әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

17 сәуір 2017

Жекеше әріптесті таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру

21 маусым 2016

Индия Республикасындағы саммит

22 қыркүйек 2014

Концессионерді таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру

5 тамыз 2014

Концессионерді таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру

1 тамыз 2014

Концессионерді таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру