Маңғыстау облысы Қарақия селосындағы қуаты тәулігіне 50 000 текшеметр су тұщыту зауытының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдермен жүргізу арқылы жеке әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысының Құрық селосындағы қуаты тәулігіне 50 000 текшеметр су тұщыту зауытының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдермен жүргізе отырып жеке әріптесті анықтау бойнша конкурс жариялайды.

Жоба туралы мәліметтер

Мақсаты:

«Маңғыстау облысының Құрық селосында қуаты тәулігіне 50 000 текшеметр  су тұщыту зауытының құрылысын салу және пайдалану» - Маңғыстау облысының тұрғындары мен кәсіпорындарының сұраныстарын қамтамасыз ету  үшін ауыз су және техникалық су өндірісін  жолға қою.

МЖӘ  жобасының құны:

«Маңғыстау облысының Құрық селосында қуаты тәулігіне 50 000 текшеметр су тұщыту зауытының құрылысын салу және пайдалану»- болжаммен 50 млрд.теңгені құрайды.

«Маңғыстау облысының Құрық селосында қуаты тәулігіне 50 000 текшеметр су тұщыту зауытының құрылысын салу және пайдалану» МЖӘ нысанының жобалық қуаты:

  • Тәулігіне 50 000  текшеметр.

МЖӘ нысанының орналасқан жері:
   

Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,  Құрық селосы.

МЖӘ  жобасын іске асыру кезеңі:

Құрылыс кезеңі:  3- жылға дейін;

МЖӘ нысанын пайдалану кезеңі: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жекешелік әріптестік туралы» Заңмен белгіленген мерзім аясында нысанды пайдалануға берілген күннен бастап  27 жылға дейін.

Конкурсқа қатысуға 2017 жылдың  13 қазаны сағат 18.30-ға  дейін ниет білдірген әлеуетті жеке әріптестер  «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты және біліктілік таңдау жүргізілетін талап етілген біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды беруі қажет:

Күні: 2017 жылғы 13  қазаны  сағат 18. 30-ға  дейін.

Орны: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, №1 ғимарат №110 кабинет.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ

Байланысатын тұлға: Орынбасаров Нұрлан Базарбайұлы

Телефондар: 8 (7292) 31-13-20, 33-53-16

Конкурс ұйымдастырушысының техникалық тапсырмасының көшірмесін сағат

9:00-ден бастап сағат 13:00-ге  дейін және сағат 14:00-ден  бастап сағат 18:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, №1 ғимарат №110 кабинеттен алуға болады.

«Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ әлеуетті жеке әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін біліктілік таңдауды бағалауды жүргізуді 2017 жылғы 18 қыркүйек сағат 18:30-ға дейін іске асырады.


Жарияланған күні: 3 тамыз 2017





3 тамыз 2017

Маңғыстау облысы Қарақия селосындағы қуаты тәулігіне 50 000 текшеметр су тұщыту зауытының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдермен жүргізу арқылы жеке әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

17 сәуір 2017

Жекеше әріптесті таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру

21 маусым 2016

Индия Республикасындағы саммит

22 қыркүйек 2014

Концессионерді таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру

5 тамыз 2014

Концессионерді таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру

1 тамыз 2014

Концессионерді таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру