Маңғыстау облысының Ақтау қаласында «Қауіпсіз аула» бейнебақылау жүйелерін енгізу және оларға қызмет көрсету

Жобаның мақсаты:

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;
Ақтау қаласының азаматтар көп жиналатын жерлеріндегі жедел ахуалды бақылау.


Жобаның негізгі параметрлері:

Жоба іске асырылатын жер: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
МЖӘ объектісі: бейнебақылау жүйелерінің кешені
Жоба қуаты: Ақтау қаласының 30 шағын ауданында 600 сыртқы бақылау камералары мен кіреберісішілік орындалыстағы камераларын орнату
Алдын ала құны: 2 103.4 млн. тг
МЖӘ шартының мерзімі: – 3 жылдан кем емес:
орнату мерзімі (енгізу) – 2 жыл (кезең-кезеңімен),
сервистік қызмет көрсету (кепілдікті және кепілдікті мерзімнен кейінгі) – жүйені орнатқаннан (енгізгеннен) кейін 3 жылға дейін.

Мемлекеттік әріптестің қатысу нысандары:

- Бейнебақылау жүйелері орналастырылатын жер учаскелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Жекеше әріптестің қатысу нысаны:

- Жобаны қаржыландыру;
- МЖӘ объектісін жобалау, құру (енгізу және сервистік қызмет көрсету);
- МЖӘ объектісіне кепілдікті және кепілдікті мерзімнен кейінгі қызмет көрсетуді қамтитын өзге де нысандар.

Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері:

- Бейнебақылау жүйесін енгізумен байланысты инвестициялық шығындардың өтемақысы;
- Бейнебақылау жүйелеріне сервистік қызмет көрсету кезеңінде операциялық шығындардың өтемақысы.


Күтілетін нәтиже:

  • Қаланың тыныс-тіршілік объектілерінің және адамдар жаппай болатын орындардың қорғалуы;
  • Халықтың қорғалғанын және қауіпсіздікті сезінуі;
  • Қылмыстар мен құқық бұзушылықтар санының қысқаруы;
  • Ішкі істер органдарының оқиғаға жедел ден қоюы;
  • Тұтастай алғанда, құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін көтеру;
  • Халық тарапынан ішкі істер органдарына деген сенімнің өсуі.

Жобаны іске асыру сатысы:

- Құжаттама дайындау сатысында.
  





Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін құру

Жобаның мақсаты: Бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын пациенттер үшін гемодиализ жүргізуге деген қажеттілікті қамтамасыз ету. 


Маңғыстау облысының Ақтау қаласында «Қауіпсіз аула» бейнебақылау жүйелерін енгізу және оларға қызмет көрсету

Жобаның мақсаты: Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету; Ақтау қаласының азаматтар көп жиналатын жерлеріндегі жедел ахуалды бақылау. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында өнімділігі 1200 м³/тәулік канализациялық тазарту құрылыстарын салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Құрық ауылының канализациялық желілерінен келіп түскен ағынды суларды тазарту, сондай-ақ тазартылған суды зарарсыздандыру. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Жетібай ауылындағы №4 орта мектептің ғимаратын кейіннен пайдалану арқылы 200 орындық балабақшаға реконструкциялау

Жобаның мақсаты: Қарақия ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 6/7 жасқа дейінгі балалар үшін орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысының «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің алаңында қуаттылығы 250 МВт-тық бу-газ қондырғысын салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: 2-ЖЭО-ның ресурсы пайдаланып болған бу күштік жабдығын ауыстыру. 


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Маңғыстау-3 тұрғын жай алабында балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Мұнайлы ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Қызылтөбе-2 тұрғын жай алабында балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Мұнайлы ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінде балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Түпқараған ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жылдан 6 жылға дейінгі жастағы балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Түпқараған ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жылдан 6 жылға дейінгі жастағы балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында қуаттылығы 50 000 м³/тәулік су тұщыту зауытын салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Маңғыстау облысының халқы мен кәсіпордарының қажеттіліктерін өтеу үшін ауыз және техникалық су өндірісін қамтамасыз ету. 


Ақтау қаласында ауысымына 500 келушіге арналған емхана салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Бекітілген ересек және бала тұрғындарға медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) және мамандандырылған медициналық көмек көрсету, сондай-ақ уақытылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қажетті көлемде алуда пациенттердің құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған медициналық қызметтерді басқару жүйесін жетілдіру. 


Маңғыстау облысы Ақтау қаласының 27 шағын ауданындағы №51 балабақшаны сенімгерлік басқаруға беру

Жобаның мақсаты: 2020 жылға дейін балаларды (3-тен 6-ға дейінгі жастағы) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамту. 


12