Маңғыстау облысының «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің алаңында қуаттылығы 250 МВт-тық бу-газ қондырғысын салу және пайдалану

Жобаның мақсаты:

2-ЖЭО-ның ресурсы пайдаланып болған бу күштік жабдығын ауыстыру.

Жобаның негізгі параметрлері:

Жоба іске асырылатын жер: «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 2-ЖЭО алаңы,  Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы
МЖӘ объектісі: бу-газ қондырғысы
Жоба шарттары: объектіні салу және пайдалану
Жоба қуаты: 250 МВт
Алдын ала құны: 73 201,9 млн. тенге, соның ішінде:
құрылыс құны: 63 219,7 млн. тенге;
іске қосумен байланысты шығындар: 9 982,2 млн. тенге.
МЖӘ шартының мерзімі: 14,5 жыл:
құрылыс салу мерзімі – 29 ай;
пайдалану мерзімі –14,5 жылға дейін.
Жалпы ауданы 5,5 га

Мемлекеттік әріптестің қатысу нысандары:

- Жеке серіктесті анықтау бойынша конкурсты ұйымдастыру.

Жекеше әріптестің қатысу нысаны:

- Жобаны қаржыландыру;
- МЖӘ объектісін жобалау, салу, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік объектісін құру.
   
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің қатысу нысандары:
   

- Бу-газ қондырғы құрылысына арналған жер учаскесіне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
- Құрылыс-монтаж жұмыстары аумағында жеке серіктестің қызметкерлеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету.
  
Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері:
   
- Объектіні пайдалану процесінде өндірілетін өнімді өткізу.
   
Күтілетін нәтиже:
   
  • Табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін көтеру;
  • 2-ЖЭО-ның ресурсы пайдаланып болған бу күштік жабдығын ауыстыру;
  • Өсіп келе жатқан электр жүктемелерін жабу.
   
Жoбаны іске асыру сатысы:
   
- Құжаттама дайындау сатысында.
   
Жекеше әріптесті айқындау екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалану жолымен жүзеге асырылады.  





Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін құру

Жобаның мақсаты: Бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын пациенттер үшін гемодиализ жүргізуге деген қажеттілікті қамтамасыз ету. 


Ақтау қаласында 300 төсек-орындық қалалық көп бейінді аурухана салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Жаңа технологияларды енгізу және Ақтау қаласының халқына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін медициналық ұйым құру. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында автостанция салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Автомобиль көлігіндегі жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі кешенді шаралар аясында қалалық және қалааралық рейстердің жолаушыларына жайлы жағдайлар құру. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында өнімділігі 1200 м³/тәулік канализациялық тазарту құрылыстарын салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Құрық ауылының канализациялық желілерінен келіп түскен ағынды суларды тазарту, сондай-ақ тазартылған суды зарарсыздандыру. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында қуаттылығы 50 000 м³/тәулік су тұщыту зауытын салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Маңғыстау облысының халқы мен кәсіпордарының қажеттіліктерін өтеу үшін ауыз және техникалық су өндірісін қамтамасыз ету. 


Маңғыстау облысының «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің алаңында қуаттылығы 250 МВт-тық бу-газ қондырғысын салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: 2-ЖЭО-ның ресурсы пайдаланып болған бу күштік жабдығын ауыстыру. 


Маңғыстау облысының Ақтау қаласында «Қауіпсіз қала» бейнебақылау жүйелерін енгізу және оларға қызмет көрсету

Жобаның мақсаты: Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету; Ақтау қаласының азаматтар көп жиналатын жерлеріндегі жедел ахуалды бақылау. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Жетібай ауылындағы №4 орта мектептің ғимаратын кейіннен пайдалану арқылы 200 орындық балабақшаға реконструкциялау

Жобаның мақсаты: Қарақия ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 6/7 жасқа дейінгі балалар үшін орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Маңғыстау-3 тұрғын жай алабында балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Мұнайлы ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Қызылтөбе-2 тұрғын жай алабында балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Мұнайлы ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінде балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Түпқараған ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жылдан 6 жылға дейінгі жастағы балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Түпқараған ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жылдан 6 жылға дейінгі жастағы балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


12