Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында өнімділігі 1200 м3/тәулік канализациялық тазарту құрылыстарын салу және пайдалану

 Жобаның мақсаты:

Құрық ауылының канализациялық желілерінен келіп түскен ағынды суларды тазарту, сондай-ақ тазартылған суды зарарсыздандыру.

Жобаның негізгі параметрлері:

Жоба іске асырылатын жер: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылының солтүстік-батыс бөлігі
МЖӘ объектісі: тазарту құрылыстары
Жоба қуаты: 1200 м3/тәулік
Алдын ала құны: 703,8 млн. теңге
МЖӘ шартының мерзімі: – кемінде 4 жыл:
құрылыс салу мерзімі – 9 ай,
пайдалану мерзімі – кемінде 3 жыл.

Мемлекеттік әріптестің қатысу нысандары:

-Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңнамасына сәйкес жер учаскесін беру;
-Мемлекеттік меншік объектісін – Құрық ауылындағы канализациялық-тазарту құрылыстарын пайдалану құқығын беру;
-МЖӘ объектісін инженерлік және көлік коммуникациялармен қамтамасыз ету (объектінің жұмыс жобасына кіретін автомобиль жолын тартудан басқа).

Жекеше әріптестің қатысу нысаны:

- Жобаны қаржыландыру;
- МЖӘ объектісін салу және пайдалану.

Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері:

- Инвестициялық шығындардың өтемақысы;
- «Табиғи монополиялар туралы» ҚР заңнамасына сәйкес, коммуналдық ресурстарды сатудан алынатын тарифтік түсім.

Күтілетін нәтиже:

- Құрық ауылын қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету;
- Инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңде Құрық ауылында жаңа жұмыс орындарын құру;
- Елді мекендердің орталықтандырылған су бұруға қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Жобаны іске асыру сатысы:

Құжаттама дайындау сатысында.

 Жекеше әріптесті айқындау, «МЖӘ туралы» ҚР Заңына сәйкес оңайлатылған конкурстық рәсімдерді өткізу тәсілімен жүзеге асырылады.
 
Мейлінше егжей-тегжейлі ақпарат:





Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін құру

Жобаның мақсаты: Бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын пациенттер үшін гемодиализ жүргізуге деген қажеттілікті қамтамасыз ету. 


Ақтау қаласында 300 төсек-орындық қалалық көп бейінді аурухана салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Жаңа технологияларды енгізу және Ақтау қаласының халқына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін медициналық ұйым құру. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында автостанция салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Автомобиль көлігіндегі жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі кешенді шаралар аясында қалалық және қалааралық рейстердің жолаушыларына жайлы жағдайлар құру. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында өнімділігі 1200 м3/тәулік канализациялық тазарту құрылыстарын салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Құрық ауылының канализациялық желілерінен келіп түскен ағынды суларды тазарту, сондай-ақ тазартылған суды зарарсыздандыру. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында қуаттылығы 50 000 м3/тәулік су тұщыту зауытын салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Маңғыстау облысының халқы мен кәсіпордарының қажеттіліктерін өтеу үшін ауыз және техникалық су өндірісін қамтамасыз ету. 


Маңғыстау облысының «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің алаңында қуаттылығы 250 МВт-тық бу-газ қондырғысын салу және пайдалану

Цель проекта: Замещение отработавшего ресурса паросилового оборудования ТЭЦ-2. 


Маңғыстау облысының Ақтау қаласында «Қауіпсіз қала» бейнебақылау жүйелерін енгізу және оларға қызмет көрсету

Жобаның мақсаты: Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету; Ақтау қаласының азаматтар көп жиналатын жерлеріндегі жедел ахуалды бақылау. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Жетібай ауылындағы №4 орта мектептің ғимаратын кейіннен пайдалану арқылы 200 орындық балабақшаға реконструкциялау

Жобаның мақсаты: Қарақия ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 6/7 жасқа дейінгі балалар үшін орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Маңғыстау-3 тұрғын жай алабында балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Мұнайлы ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Қызылтөбе-2 тұрғын жай алабында балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Мұнайлы ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінде балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Түпқараған ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жылдан 6 жылға дейінгі жастағы балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Түпқараған ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жылдан 6 жылға дейінгі жастағы балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


12