Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында қуаттылығы 50 000 м³/тәулік су тұщыту зауытын салу және пайдалану

Жобаның мақсаты:

Маңғыстау облысының халқы мен кәсіпордарының қажеттіліктерін өтеу үшін ауыз және техникалық су өндірісін қамтамасыз ету.

Жобаның негізгі параметрлері:

Жоба іске асырылатын жер: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы
МЖӘ объектісі: су тұщыту зауыты
Жоба қуаты: 50 000 м³/тәулік
Алдын ала құны: ≈50 000,0 млн. теңге
МЖӘ шартының мерзімі: – кемінде 3 жыл:
құрылыс салу мерзімі – 3 жылға дейін,
пайдалану мерзімі – «МЖӘ туралы» ҚР заңмен айқындалған мерзім шеңберінде.

Мемлекеттік әріптестің қатысу нысандары:

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңнамасына сәйкес жер учаскесін беру;
-
МЖӘ объектісін инженерлік және көлік коммуникацияларымен қамтамасыз ету.

Жекеше әріптестің қатысу нысаны:

- Жобаны қаржыландыру;
-
МЖӘ объектісін жобалау, салу және пайдалану.

Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері:

- Объектіні пайдалану процесінде өндірілетін өнімді өткізу.

Күтілетін нәтиже:

- Су тұщыту зауытын салу;
-
Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы ауыз және техникалық суға деген тапшылықты жабу.

Жобаны іске асыру сатысы:

- Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді өткізу сатысында 

Жоба жайлы толығырақ ақпарат: 





Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін құру

Жобаның мақсаты: Бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын пациенттер үшін гемодиализ жүргізуге деген қажеттілікті қамтамасыз ету. 


Маңғыстау облысының Ақтау қаласында «Қауіпсіз аула» бейнебақылау жүйелерін енгізу және оларға қызмет көрсету

Жобаның мақсаты: Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету; Ақтау қаласының азаматтар көп жиналатын жерлеріндегі жедел ахуалды бақылау. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында өнімділігі 1200 м³/тәулік канализациялық тазарту құрылыстарын салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Құрық ауылының канализациялық желілерінен келіп түскен ағынды суларды тазарту, сондай-ақ тазартылған суды зарарсыздандыру. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Жетібай ауылындағы №4 орта мектептің ғимаратын кейіннен пайдалану арқылы 200 орындық балабақшаға реконструкциялау

Жобаның мақсаты: Қарақия ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 6/7 жасқа дейінгі балалар үшін орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысының «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің алаңында қуаттылығы 250 МВт-тық бу-газ қондырғысын салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: 2-ЖЭО-ның ресурсы пайдаланып болған бу күштік жабдығын ауыстыру. 


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Маңғыстау-3 тұрғын жай алабында балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Мұнайлы ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Қызылтөбе-2 тұрғын жай алабында балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Мұнайлы ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінде балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Түпқараған ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жылдан 6 жылға дейінгі жастағы балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Түпқараған ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жылдан 6 жылға дейінгі жастағы балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында қуаттылығы 50 000 м³/тәулік су тұщыту зауытын салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Маңғыстау облысының халқы мен кәсіпордарының қажеттіліктерін өтеу үшін ауыз және техникалық су өндірісін қамтамасыз ету. 


Ақтау қаласында ауысымына 500 келушіге арналған емхана салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Бекітілген ересек және бала тұрғындарға медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) және мамандандырылған медициналық көмек көрсету, сондай-ақ уақытылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қажетті көлемде алуда пациенттердің құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған медициналық қызметтерді басқару жүйесін жетілдіру. 


Маңғыстау облысы Ақтау қаласының 27 шағын ауданындағы №51 балабақшаны сенімгерлік басқаруға беру

Жобаның мақсаты: 2020 жылға дейін балаларды (3-тен 6-ға дейінгі жастағы) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамту. 


12