Ақтау қаласында 300 төсек-орындық қалалық көп бейінді аурухана салу және пайдалану

 Жобаның мақсаты:

Жаңа технологияларды енгізу және Ақтау қаласының халқына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін медициналық ұйым құру.

Жобаның негізгі параметрлері:

Жоба іске асырылатын жер: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 34 «А» шағын аудан
МЖӘ объектісі: аурухана
Жоба қуаты: 300 төсек
Алдын ала құны: 13 253,5 млн. теңге.
МЖӘ шартының мерзімі: 27 жыл:
құрылыс салу мерзімі – 2 жыл,
пайдалану мерзімі – 25 жыл.
Аурухана ғимаратының жалпы ауданы: 16 565,33 м2.

Мемлекеттік әріптестің қатысу нысандары:

- ҚР жер заңнамасына сәйкес жер учаскесін беру;
- Мемлекеттік меншік объектісін пайдалану құқығын беру;
- МЖӘ объектісін инженерлік және көлік коммуникациялармен қамтамасыз ету.

Жекеше әріптестің қатысу нысаны:

- Жобалау;
- Жобаны қаржыландыру;
- МЖӘ объектісін салу және пайдалану.

Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері:

- МЖӘ объектісін пайдалану процесінде көрсетілетін қызметтерді өткізу;
- 15 жыл ішінде инвестициялық шығындарды өтеу;
- Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің аясында көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу (Міндетті медициналық сақтандыру қоры);
- Қосымша ақылы көрсетілетін қызметтер.

Күтілетін нәтиже:

  • Медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсынудағы тапшылықты қысқарту.
  • Жоғары дефографиялық көрсеткіштер.
  • Халық арасындағы үлкен сұраныс.
  • Сақталып отырған қолайсыз экологиялық ахуал.
  • Жаңа жұмыс орындарын құру. 
  
Жобаны іске асыру сатысы:

  
- Әлеуетті жекеше әріптестерді іздестіру жүргізілуде.

Жекеше әріптесті айқындау, «МЖӘ туралы» ҚР Заңына сәйкес екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Мейлінше егжей-тегжейлі ақпарат: 





Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін құру

Жобаның мақсаты: Бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын пациенттер үшін гемодиализ жүргізуге деген қажеттілікті қамтамасыз ету. 


Ақтау қаласында 300 төсек-орындық қалалық көп бейінді аурухана салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Жаңа технологияларды енгізу және Ақтау қаласының халқына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін медициналық ұйым құру. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында автостанция салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Автомобиль көлігіндегі жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі кешенді шаралар аясында қалалық және қалааралық рейстердің жолаушыларына жайлы жағдайлар құру. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында өнімділігі 1200 м3/тәулік канализациялық тазарту құрылыстарын салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Құрық ауылының канализациялық желілерінен келіп түскен ағынды суларды тазарту, сондай-ақ тазартылған суды зарарсыздандыру. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында қуаттылығы 50 000 м3/тәулік су тұщыту зауытын салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Маңғыстау облысының халқы мен кәсіпордарының қажеттіліктерін өтеу үшін ауыз және техникалық су өндірісін қамтамасыз ету. 


Маңғыстау облысының «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің алаңында қуаттылығы 250 МВт-тық бу-газ қондырғысын салу және пайдалану

Цель проекта: Замещение отработавшего ресурса паросилового оборудования ТЭЦ-2. 


Маңғыстау облысының Ақтау қаласында «Қауіпсіз қала» бейнебақылау жүйелерін енгізу және оларға қызмет көрсету

Жобаның мақсаты: Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету; Ақтау қаласының азаматтар көп жиналатын жерлеріндегі жедел ахуалды бақылау. 


Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Жетібай ауылындағы №4 орта мектептің ғимаратын кейіннен пайдалану арқылы 200 орындық балабақшаға реконструкциялау

Жобаның мақсаты: Қарақия ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 6/7 жасқа дейінгі балалар үшін орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Маңғыстау-3 тұрғын жай алабында балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Мұнайлы ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Қызылтөбе-2 тұрғын жай алабында балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Мұнайлы ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінде балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Түпқараған ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жылдан 6 жылға дейінгі жастағы балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында балабақша салу және пайдалану

Жобаның мақсаты: Түпқараған ауданының мектепке дейінгі білім беру объектілерінде 1 жылдан 6 жылға дейінгі жастағы балаларға арналған орындар тапшылығын қысқарту. 


12