Концессионерді таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру

Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ «Ақтау қаласында автовокзал салу» (Құрылысын салу және пайдалану концессия шартының негізінде жүзеге асырылатын болады) концессиялық жобасы бойынша концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурс өткізілетін туралы жариялайды

Концессия объектісі – Ақтау қаласындағы автовокзал

Конкурсқа «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына және конкурстық құжаттамаға сәйкес біліктілік талаптарына сай келетін барлық әлеуетті концессионерлер жіберіледі.

Конкурс: 2014 жылғы 26 қарашада облыс әкімдігінің ғимаратында, 115 кабинетте, 14 шағын ауданда, 1 үйде өтеді.

Әлеуетті концессионерлердің Конкурстық құжаттаманы осы хабарландыру БАҚ-нда жарияланған сәттен бастап мына мекенжайдан алуына болады:  Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, №1 үй, Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимараты, 1 қабат, №112 кабинет.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім әлеуеттік концессионерлермен немесе олардың уәкідетті өкілдерімен Конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошта байланысымен 2014 жылғы 26 қарашадағы сағат 15.00-ге дейін мына мекенжай бойынша беріледі: Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй, Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимараты, 1 қабат, №114 кабинет.

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу Комиссиямен 2014 жылғы 26 қарашадағы сағат 16.00-демына мекенжай бойынша жүргізіледі: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй, Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимараты, 1 қабат, №115 кабинет.

Ақтау қаласында автовокзал салу және пайдалану жөніндегі жалпы ақпарат

Қазіргі замандағы талаптарға жауап беретін, өткізу қабілеттілігі бастапқы кезеңде тәулігіне 1200 жолаушы болатын, кейіннен тәулігіне 3900 жолаушыға дейін арттырылатын тиісті даму деңгейін қамтамасыз ететін автовокзал салу. 

Концессиялық жоба іске асырылатын жер – Ақтау қаласы.
Концессия кезеңі – 30 жыл.
Концессия объектісін салу кезеңі – 3 жыл.
Концессия объектісін пайдалану кезеңі – 27 жыл.

Автовокзал, автожуу орны мен кіреберіс жолдары бар техникалық қызмет көрсету станциясын салу мен пайдалануға арналған жер учаскесінің жалпы ауданы – 2,7 гектар (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 13-200-045-423);

Концессионердің осы Концессиялық жобаны іске асыру жөніндегі мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда (Концессионермен келісім бойынша), 100-150 орындық қонақ үй кешенін (бассейн, монша, кафе-бар, спорттық-дене шынықтыру орталығы), сауда орталығын, сауда-, ойын-сауық орталығын, көрмелер өткізетін жері бар конференция залын, аквапаркі бар сауда-көрме кешенін және кіреберіс автожолы бар «кемпингті» (автотұрағы бар қонақүй) салуға және пайдалануға арналған №2 учаске, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Ақтау-Әуежай жолының бойында, №9 өндірістік аймақта орналасқан ауданы 1,58 га жер учаскесі заттай грант түрінде берілуі мүмкін (жер учаскесінің кадастрлық нөмірі  13-200-045-424).

Концесионерге бюджеттік заңнамаға сәйкес концессионердің инвестициялық шығындарының өтемақысы беріледі.

Концессия объектісінің орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Ақтау-Әуежай жолының бойы, №9 өндірістік аймақ, № 56 және 56/1 учаске (Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері 13-200-045-423, 13-200-045-424).

Әлеуетті қатысушыларға қойлатын талаптар:

1) концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржы және материалдық ресурстарының болуы;

2) төлем қабілетінің болуы, таратуға жатпаған, оның мүлкі қамауға алынбаған, ал оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмаған;

3)  заңды күшіне енген соттың шешімінің негізінде соңғы үш жылда жасалған концессия шарттары бойынша міндеттемелерді олардың орындамауы немесе тиісінше орындамауы үшін жауапқа тартылмауы;

4) концессия объектісін құру (қайта құру) құнының он пайызынан кем емес меншікті қаражатының болуы;

Меншікті қаражат дегеніміз концессиялық жобаны іске асыруға  тікелей тартылатын әлеуетті концессионерге тиесілі жеке капитал, ақша және басқа активтер;

5) Егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлға құрған жаңа заңды тұлға болатын болса, онда:

5.1 әлеуетті концессионер 1 тармақтың біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс (концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржы және материалдық ресурстарының болуы);

5.2 жаңа заңды тұлғаның құрылтайшылары ретінде қатысатын заңды тұлғалар 2, 3 тармақшалардың жоағырда көрсетілген талаптарына сәйкес болуы тиіс;

5.3 жаңа заңды тұлғаны құраушы жеке және (немесе) заңды тұлғаның жиынтық меншікті капиталы 4 тармақтың шарттарына сәйкес болуы тиіс.

Конкурстық ұйымдастырушыға беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 

Тендерге қатысу туралы өтінім (белгіленген үлгідегі)

Әлеуетті концессионердің құқық қабілеттілігі мен біліктілігін растайтын құжаттар

Лицензиялар және/немесе патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар мен Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған кез келген қызмет түріне Әлеуетті концессионердің құқығын растайтын басқа құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелері.

Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариус куәландырған көшірмелері.

Жарғының нотариалды куәландырылған көшірмелері.

Статистикалық картасының нотариус куәландырған көшірмелері.

Салық төлеушіні тіркеу туралы куәліктің нотариус куәландырған көшірмелері.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариус куәландырған аудармасымен шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатын қатысушы екенін растайтын сауда тізілімі немесе басқа құжаттың жарияланған үзінді көшірмелері.

Соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы және нотариус куәландырған көшірмелері.

Әлеуетті концессионердің үш ай бұрынғы банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы банк анықтамасының түпнұсқасы.

Соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы және нотариус куәландырған көшірмелері.

Конверттерді ашу күнінің алдындағы 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген акцияларды ұстаушылардың тізіліменен нотариус куәландырған үзінді көшірмелері немесе құрылтайшылар немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтері бар құжат (егер құрылтайшылар немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қолданылмайтын болса, 2.3. тармаққа сәйкес ұсынылатын нотариус куәландырған үзінді көшірме); конверттерді ашудан бір ай  бұрын  берілген белгіленген тәртіптегі қол қойылған және мөрмен куәландырылған акцияларды ұстаушылар тізілімінің үзінді көшірмесінің түпнұсқасы немесе құрылтайшылар немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер.

Екі айдан ерте берілмеген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы туралы тиісті салық органның белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы

Конкурстық құжаттаманың 4 қосымшасына сәйкес нысан бойынша Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер, растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге.
-банктен(терден) анықтама;
-материалдық ресурстардың, зияткерлік құқықтардың тізбесі;
-осы концессиялық жобаға кредиттер беру туралы банктік кепілдіктердің түпнұсқалары.

Конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша Концессиялық жобаның құны

Салу мерзімі

Пайдалану мерзімі

Концессиялық жобаның дұрыстығын растайтын құжаттар және олардың Конкурстық құжаттамаға сәйкестігі

Концессиялық жобаныңтехникалық-экономикалық есебі (ТЭЕ)

Концессия шарттарын сақтау турал кепілдеме-хат

ТЭЕ-не түсіндірмелер

Сплуға ұсынылатын концессия объектісінің техникалық ерекшелігі

Ілеспе қызметтердің сипаттамасы

Конкурстық өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына өкілдің сенімхаты

Әлеуетті концессионердің конкурсқа қатысуы туралы қатысушылардың жалпы жиналысының, директорлар кеңесінің шешімі

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды 8 (7292) 33-53-22 телефоны бойынша, сондай-ақ «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік АҚ-нан 8 (7292) 33-52-71 (72,73) телефоны бойынша алуға болады, е-маil:ppp.mangystau@gmail.com

«Маңғыстау облысының жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары» ММ 


Жарияланған күні: 22 қыркүйек 2014





3 тамыз 2017

Маңғыстау облысы Қарақия селосындағы қуаты тәулігіне 50 000 текшеметр су тұщыту зауытының құрылысын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңдік рәсімдермен жүргізу арқылы жеке әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

28 маусым 2017

МЖӘ жобасын бастамашылық ету туралы хабарлама

17 сәуір 2017

Жекеше әріптесті таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру

21 маусым 2016

Индия Республикасындағы саммит

22 қыркүйек 2014

Концессионерді таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру

5 тамыз 2014

Концессионерді таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру

1 тамыз 2014

Концессионерді таңдау бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру