Маңғыстау экономикалық кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен  Маңғыстау экономикалық кеңесінің  (МЭК) отырысы өтіп, онда өнірдің агроөнеркәсіптік  кешеннің даму келешегі қаралды.

Ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы туралы облыс әкімінің орынбасары, МЭК жұмыс тобының төрағасы Рақымбек Әміржанов баяндады.

Отырысқа қатысушылардың және МЭК мүшелерінің назарына 11 жоба ұсынылды. Атап айтқанда, бекіре тұқымдас балықтарды өсіру, құс фабрикасы, көкөніс сақтау кешендерінің құрылысы, ауыл шаруашылығы қажетіне әлсіз минералданған  жер асты суларының қорын барлау және қайта бағалау бойынша жобалар, «Ешкі фермасы» ауыл шаруашылығы кәсіпорнын құру, жылыжай кешенін салу бойынша бірнеше жобалар және қымыз бен шұбат өндіру цехының құрылысы секілді жобалардың таныстырылымы болды. Олардың жүзеге асырылуы облысқа 7,6 млрд. теңгеден аса инвестиция құйылуын, сонымен қатар 550-ден аса жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді.

Таныстырылым барысында кәсіпкерлер жобаларды іске асыру кезінде туындаған мәселелерін алға тартты.  Ол негізінен инфрақұрылым, яғни су, газ, электр қуаты, сондай-ақ субсидиялау мәселелері болды. 

Мәжіліс қорытындысы бойынша облыс әкімі Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдар басшыларына, қалалар мен аудандар әкімдеріне ұсынылған және олардың аумағында іске асырылып жатқан жобаларды жеке бақылауына алуды және аталмыш жобалардың сәтті іске қосылуына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. 

Мәжіліс МЭК қызметінің үйлестірушісі болып белгіленген «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның ұйымдастыруымен өтті.  


Жарияланған күні: 12 маусым 2017





16 шілде 2017

Жобалау менеджментінде командалық жұмысты қалыптастыру және оның жұмыс істеу технологияларына арналған семинар

Маңғыстау экономикалық кеңесінің аясында жобалау қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында 2017 жылғы 15-16 шілдеде «Командалық жұмыс және тиімді көшбасшылық» тақырыбында кезекті практикалық семинар болып өтті. 


22 маусым 2017

Маңғыстау ауданының бизнес қауымдастығымен кездесу

«Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік  орталығы» АҚ-ның бастамасы бойынша Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің қолдауымен 2017 жылғы 22 маусымда Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» тақырыбында кездесу болып өтті.  


19 маусым 2017

Түпқараған ауданындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» дөңгелек үстел

«Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік  орталығы» АҚ-ның бастамасы бойынша Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің қолдауымен 2017 жылғы 19 маусымда ауыл әкімдерінің, бизнес өкілдерінің (Түпқараған ауданының құрылыс компаниялары, жекеменшік мектепке дейін білім беру ұйымдары) қатысуымен кездесу болып өтті.  


12 маусым 2017

Маңғыстау экономикалық кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен  Маңғыстау экономикалық кеңесінің  (МЭК) отырысы өтіп, онда өнірдің агроөнеркәсіптік  кешеннің даму келешегі қаралды. 


11 маусым 2017

МЭК жұмысы аясында бизнес-процесстер негізінде басқарудың заманауи тәсілдемелеріне арналған семинар

2017 жылғы 9-10 маусым күндері Маңғыстау экономикалық кеңесі (МЭК) жұмысының аясында  Маңғыстау облысы әкімдігі қызметкерлері үшін 


6 маусым 2017

МЖӘ шартына қол қойылды

2017 жылғы 5 маусым күні «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен облыстық білім басқармасы мен жеке әріптестердің арасында білім саласында 8 МЖӘ жобасын жүзеге асыру бойынша шартқа қол қойылды. 


21 сәуір 2017

Мұнайлы ауданындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» дөңгелек үстел

«Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік  орталығы» АҚ-ның бастамасы бойынша және Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің қолдауымен, 2017 жылғы 21 наурызда аудан әкімінің орынбасары Н.Б. Жолбаевтың және Мұнайлы ауданы ауылдары әкімдерінің қатысуымен бизнес (құрылыс компаниялары, жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелері және басқалары) өкілдерімен кездесу болып өтті. 


16 наурыз 2017

Жаңаөзен қаласындағы «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» дөңгелек үстел

«Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік  орталығы» АҚ-ның бастамасы бойынша Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен 2017 жылғы 16 наурызда Жаңаөзен қаласы әкімі Е.Ж.Әбіловтың және орынбасарларының, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қалалық өкілдігінің, қала әкімдігі бөлім басшыларының, сонымен қатар Жаңаөзен қаласының ірі және орта кәсіпкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. 


16 ақпан 2017

Қарақия ауданындағы «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» дөңгелек үстел

«Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік  орталығы» АҚ-ның бастамасы бойынша Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің қолдауымен 2017 жылғы 15 ақпанда аудан әкімі орынбасарларының, Кәсіпкерлер палатасының аудандағы өкілдігінің, құрылыс компанияларының, Қарақия ауданының жекеменшік және мемлекеттік мектепке дейін білім беру ұйымдары директорларының қатысуымен дөңгелек үстел форматында кездесу болып өтті. 


8 желтоқсан 2016

2016 жылғы 8 желтоқсанда Мәскеу қаласында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы инвестициялық жобалары» тақырыбында халықаралық конференция болып өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің  және Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) қолдауымен, 2016 жылғы 8 желтоқсанда Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы инвестициялық жобалары» тақырыбында халықаралық конференция болып өтті.


24 қараша 2016

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» тақырыбында дөңгелек үстел

2016 жылғы 24 қарашада Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында облыс әкімінің орынбасары Б. Нұрғазиеваның, мемлекеттік органдар, өңірлік Кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоры және облыстың бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» тақырыбында дөңгелек үстел форматында кездесу болып өтті. 


19 қазан 2016

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2016 жылғы 19 қазан күні «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Әлібеков Елдан Шарапатұлының «Маңғыстау облысында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті (әрі қарай - МЖӘ) дамыту жайлы» тақырыбында баспасөз-конференциясы болып өтті.