Ақтау қаласында МЖӘ тетігін қолдану арқылы жаңа спорт зал салынды

2017 жылғы 9 желтоқсан күні Ақтау қаласы 3 шағын ауданының №2 орта мектеп аумағында «МЖӘ туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетігі арқылы жүзеге асырылған алғаш аймақтық жоба – көпфункциональды спорт залдың салтанатты ашылуы болып өтті. Шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Г. Қалмұратова, облыстық білім басқармасының басшысы З. Тастемірова, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б. Байжанов, сонымен қатар олимпияда ойындарының күміс жүлдегері Ә. Ниязымбетов және т.б. қатысты.

Жоба Маңғыстау облысының білім басқармасының бастамашылық етіліп, «Lion Construction Group» ЖШС жеке инвестиция тарту есебі мен «Маңғыстау облысының өңірлік МЖӘ орталығы» АҚ-ның сүйемелдеуі арқасында жүзеге асты.

«Lions’ Fight Club» жауынгерлік өнер академиясы джиу-джитсу, грэпплинг, еркін күрес, бокс, тхэквондо, каратэ-до, кёкусинкай карате, кик-бокс, тай боксы, дзюдо, самбо және ММА сияқты жекпе-жек түрлері бойынша спортшыларды кәсіби даярлаумен айналысатын болады.

Зал бір күнде 320 адамның келуіне есептелген және ересектерді, сонымен бірге балаларды үйрететін болады.

«Lions’ Fight Club» жауынгерлік өнер академиясы Ақтау қаласында спорт кешендерін салу бойынша МЖӘ жобаларының бірі. 2018 жылдың бірінші тоқсанында «Olympus» балет және гимнастика академиясы мен «Crossfit Aktau» кроссфит залдарын ашу жоспарланған.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың маусым айында білім беру саласында мемлекеттік орган және жеке серіктестер арасында жалпы сомасы 4,5 млрд. теңгені құрайтын 8 МЖӘ жобасына келісім шарт жасасқан болатын. 


Жарияланған күні: 9 желтоқсан 2017





2 мамыр 2018

Маңғыстау облысының Құрық ауылында қуаты 50 000 м³/тәулік болатын су тұщыту зауыты салынады

2018 жылғы 1-мамырда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында қуаты 50 мың м³/тәулік болатын жаңа су тұшыту зауытының құрылысы басталды. 


7 сәуір 2018

Маңғыстау облысында денсаулық сақтау саласындағы алғашқы МЖӘ жобасы жүзеге асырылды

2018 жылғы 6 сәуірде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының салтанатты ашылуы болып өтті. 


5 наурыз 2018

МЖӘ тетігін қолданумен Ақтау қаласында спорт залы ашылды

2018 жылғы 4 наурызда Ақтау қаласының 29 шағын ауданындағы №28 орта мектептің аумағында «CrossFit Aktau» кең бейінді спорт залының ашылуы болып өтті.  


24 қаңтар 2018

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін ұйымдастыру

2018 жылғы 24 қаңтарда Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен Астана қаласының «Эндохирургия клиникасы» ЖШС арасында 51,0 млн. теңге сомасына 10 жыл мерзіммен Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығының қызметін ұйымдастыру жөнінде шарт жасасылды. 


9 желтоқсан 2017

Ақтау қаласында МЖӘ тетігін қолдану арқылы жаңа спорт зал салынды

2017 жылғы 9 желтоқсан күні Ақтау қаласы 3 шағын ауданының №2 орта мектеп аумағында «МЖӘ туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетігі арқылы жүзеге асырылған алғаш аймақтық жоба – көпфункциональды спорт залдың салтанатты ашылуы болып өтті. 


18 қазан 2017

«Маңғыстау облысының мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Әлібековтің Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингі

2017 жылғы 18 қазан күні Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның (әрі қарай – МЖӘ орталығы) Басқарма Төрағасы Әлібеков Елдан Шарапатұлының 


8 тамыз 2017

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне арналған семинар

2017 жылдың 8 тамызында «Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің тәсілдері. Капитал салымдарының тиімділігін талдау» тақырыбында Маңғыстау Экономикалық кеңесінің тиімділігін арттыру үшін оқу-жаттығу іс-шаралар сериясының соңғы модулі өтті. 


28 шілде 2017

МЭК қызметінің шеңберіндегі жобаларды басқару жөніндегі семинар

2017 жылғы 28 шілдеде Маңғыстау экономикалық кеңесі жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі оқу іс-шаралары топтамасының «Жобаларды басқару» тақырыбындағы үшінші модулі болып өтті.


16 шілде 2017

Жобалау менеджментінде командалық жұмысты қалыптастыру және оның жұмыс істеу технологияларына арналған семинар

Маңғыстау экономикалық кеңесінің аясында жобалау қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында 2017 жылғы 15-16 шілдеде «Командалық жұмыс және тиімді көшбасшылық» тақырыбында кезекті практикалық семинар болып өтті. 


22 маусым 2017

Маңғыстау ауданының бизнес қауымдастығымен кездесу

«Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік  орталығы» АҚ-ның бастамасы бойынша Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің қолдауымен 2017 жылғы 22 маусымда Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» тақырыбында кездесу болып өтті.  


19 маусым 2017

Түпқараған ауданындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» дөңгелек үстел

«Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік  орталығы» АҚ-ның бастамасы бойынша Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің қолдауымен 2017 жылғы 19 маусымда ауыл әкімдерінің, бизнес өкілдерінің (Түпқараған ауданының құрылыс компаниялары, жекеменшік мектепке дейін білім беру ұйымдары) қатысуымен кездесу болып өтті.  


12 маусым 2017

Маңғыстау экономикалық кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен  Маңғыстау экономикалық кеңесінің  (МЭК) отырысы өтіп, онда өнірдің агроөнеркәсіптік  кешеннің даму келешегі қаралды.