Региональный центр государственно-частного партнерства

Басты меню

call-me 

+7(7292)335273

Жаңалықтарға жазылу

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі
www.egov.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттің сатып-алу порталы
goszakup.gov.kz

expo

 

Түпқараған ауданының әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын дайындаудың басталғаны туралы хабарлайды және әлеуетті жекеше әріптестерді Жобалардың тұжырымдамаларын талқылауға шақырады.

1. «Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында 140 орындық балабақша салу және пайдалану»

МЖӘ объектісі: 140 орындық балабақша ғимараты.

Жоба шарттары: объектіні салу және пайдалану.

Жобаның алдын ала құны – 528,95 млн. теңге.

Құрылысты салу кезеңі– 6 ай.

2. «Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылында 140 орындық балабақша салу және пайдалану»

МЖӘ объектісі: 140 орындық балабақша ғимараты.

Жоба шарттары: объектіні салу және пайдалану.

Жобаның алдын ала құны – 553,93 млн. теңге.

Құрылысты салу кезеңі – 6 ай.

Пайдалану кезеңі – кемінде 3 (үш) жыл.

Шығындарды өтеудің ықтимал көздері «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес:

- мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар;

- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы;

- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы;

- мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы;

- қолжетімділік үшін төлемақы.

Мемлекеттік органдардың қатысу нысандары:

- ҚР жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерін беру;

- мемлекеттік меншік объектілерін пайдалану құқығын беру;

- МЖӘ объектісін инженерлік және көлік коммуникацияларымен қамтамасыз ету.

Жекеше әріптеске қойылатын талаптар «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес.

Жекеше әріптесті айқындау «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңына сәйкес конкурс өткізу тәсілімен жүзеге асырылады.

Жоспарланып отырған жоба туралы мейлінше егжей-тегжейлі ақпаратты Түпқараған ауданының әкімдігінен, сондай-ақ «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-нан алуға болады.

Жоба бойынша ұсыныстар 2016 жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде қабылданады.

Байланыстар:

Түпқараған ауданының әкімдігі: Аудан әкімінің орынбасары - Алтынғалиев Талғат Алтынғалиұлы, тел: 8(72938)22 3 53.

«Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ: тел.: 8 (7292) 33-52-72, 34-09-11, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бізбен байланыс

  • Басқарма Төрағасының қабылдау бөлмесі +7(7292) 335 272
  • Бюджеттік жобалар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары департаменті +7(7292) 332 002
  • Инвесторлармен жұмыс жөніндегі департамент+7(7292) 340 911
  • Ақпараттық-талдауды қамтамасыз ету департаменті +7(7292) 335 273
  • Ішкі әкімшілік департаменті +7(7292) 330 405